Ресейдің құпия құжаты: Қазақстанның Батысқа бет бұруы Мәскеуді алаңдатып отыр

Ресейдің құпия құжаты: Қазақстанның Батысқа бет бұруы Мәскеуді алаңдатып отыр
10.02.2025 12:36
0
640
Ашық дереккөз
Financial Times: Ресей Қазақстанды Батыстан алыстату үшін ұзақ мерзімді жоспар әзірлеуде

Ресей билігі Батыс елдерінің Қазақстан мен Орталық Азияға ықпалының артып келе жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

The Financial Times-тың мәліметінше, Ресей үкіметінің құпия құжаты Кремльдің Қазақстанды өз ықпалында ұстау үшін ұзақ мерзімді стратегия әзірлеп жатқанын көрсетеді. Құжатта Мәскеу Қазақстанды және басқа да Орталық Азия елдерін өз орбитасында сақтап қалғысы келетіні, бірақ Батыстың санкциялық қысымы бұл процесті қиындатып отырғаны жазылған.

Кремльдің «Еуразиялық макрорегион» құру жоспары Ресейдің Батыс пен Қытайға қарсы экономикалық блок қалыптастыруға бағытталған. Алайда Қазақстан, Өзбекстан және басқа да елдер бұл бастамадан алыстап, Батыспен ынтымақтастықты күшейтіп жатыр.

Құжатта Қазақстанның Ресеймен емес, Батыспен байланыстарын күшейтіп жатқаны атап өтілген. Ағылшын тілі екінші тіл ретінде белсенді енгізілуде, білім беру жүйесі батыстық стандарттарға көшіп жатыр, ал елдің элитасы оқуға Батысқа жіберілуде.

Ресейдің мәліметінше, Қазақстан Украинадағы соғысты ашық айыптап, санкцияларды сақтап отыр, бұл Мәскеудің Қазақстанға деген сеніміне нұқсан келтіруде.

Сонымен қатар, баяндамада Қазақстанның Ресейден алыстап, экономикалық саясатта дербес бағыт таңдағаны туралы айтылған. Мәскеу Қазақстанды қайта өз жағына тарту үшін түрлі тетіктерді қолдануды жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий