«Ресейге көшіп кеткенде, Қазақстанды керек қылмап еді»: блогер Асаубаеваны сынға алды

11.06.2026 10:07 Әсел МҰРАТ
«Ресейге көшіп кеткенде, Қазақстанды керек қылмап еді»: блогер Асаубаеваны сынға алды
423
Фото: ашық дереккөз

Журналист, блогер Абзал Ибрашев «айлығымды қысқартып тастады» деген Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесін сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол «бір кездері Қазақстанды керек қылмаған» Асаубаеваның күні кеше жасаған үндеуін «тойымсыздық» деп атап, ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген азаматтар үшін патриоттық құндылықтардың маңызды екенін атап өтті.

«Не деген қанағатсыз адамдар? Бибісара Асаубаева деген біздің шахматшы қыз Тоқаевқа үндеу жасап, министрлік маған ақшаны аз төлейді депті. Ондай әңгіменің не керегі бар? Шын мәнісінде аз төлеген жоқ. 350-370 млн теңгедей алыпты. Шешесі қызын алып Ресейге көшіп кетті. Сол кезде бұларға Қазақстан мүлдем керек болған жоқ. Енді бізге Қазақстанның ақшасы керек емес, Мәскеудің шахмат федерациясы үйді де берді, ақшаны да да солар төлейді деп Қазақстанды керек қылмай кетіп еді. Енді келіп мынандай әңгіме айтып отыр. Шешесі де мүмкін болашақта Ресейге көшуіміз ықтимал леп айтып отыр. Сонда Қазақстан оларға кіріп шыға беретін «проходной двор» ма? Не деген тойымсыздық? Қаншама миллион алып отырып, маған аз төлейді дейді. Патриотизм қайда қалды? Қазақстан жақсы кезде керек, жақсы емес кезде көшіп кете саламыз дейтін адамдардың құлағына бұл да бір алтын сырға», - деді блогер.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық танымал шахматшы Бибісара Асаубаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасап, қаржыландырудағы күрделі түйткілдер туралы мәлімдеген болатын. Асаубаеваның бұл сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырып, министрлік шұғыл баспасөз жиынын өткізуге мәжбүр болды. Жиын барысында Серік Жарасбаев шахматшының шағымын жоққа шығарып, Мемлекет басшысының марапаты неліктен әлі күнге дейін табысталмағанын түсіндірді.

Вице-министр Серік Жарасбаев қазіргі таңда ұлттық намыс пен мемлекет алдындағы жауапкершілік көлеңкеде қалып, материалдық мәселелер алдыңғы орынға шығып кеткенін айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий