Ринат Зайыт қазақ халқын қуантар сүйінші жаңалығын бөлісті

27.10.2025 17:44 Айсұлу Мұрат
Ринат Зайыт қазақ халқын қуантар сүйінші жаңалығын бөлісті
0
153

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайыт сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

“Өнер - бағалауды қажет ететін нәзік құбылыс. Кейінгі жылдары біршама өнер майталмандары көптен күткен марапаттарына қол жеткізіп жатқаны шындық( кейбір түсініксіздіктерді есепке алмасақ). Қазақтың Қайраты(Байбосынов) бастаған саңлақтардың марапаты, Меруерт апам(Өтекшова), Секен аға, Дулыға мен Рамазан ағаларым, Айгүл Қосанованың өз алған атақтарына лайық деудің өзі аз секілді.... Шүкір. Қазақ қоғамы шынайы дарындарға тиісті бағасын беріп жатыр! Ерекше атап айтқым келетіні актёр-ұстаз, сахна серкесі, досым Әсет Иманғали Республика күні қарсаңында “Мәдениет қайраткері “ атағына ие болды. Әсет- театрдың төл перзенті. 20 жыл театрда, соған шамалас уақыт өнер академиясында талмай тер төгіп жүрген аса дарынды тұлға. Әсет досым, еңбегің лайықты бағасын алған күнің құтты болсын! Жасай бер! Мәдениет қайраткерлерін беттен қақпай бағалап жатқан барлық азаматтарға бас иіп, алғыс айтамын. Әділдіктің үстемдігі өнерден басталса, сапарымыз ұзақ болары анық.  Мереке қарсаңында еңбегі еленген барлық тұлғаларды шын жүректен құттықтаймын. Қазақ мәдениеті өркендей бергей!”,- деп жазды Ринат Зайыт.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий