“Росатом" Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті қашан салып бітіреді?

“Росатом
16.06.2025 13:54
0
107
Фото: freepik.com

Қазақстанда бірінші АЭС құрылысы шамамен 2035-2036 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Агенттіктің баспасөз қызметі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салудың болжамды мерзімі туралы сұраққа жауап берді.

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салудан бастап пайдалануға беруге 10-12 жыл кетеді. Осылайша құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдар деп жоспарланып отыр. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарға сәйкес екенін растайды", - делінген БАҚ сауалдарына жауап берген агенттік өкілдері.

Еске сала кетейік, өткен сенбі, 14 маусымда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде "Росатом" таңдалғаны белгілі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий