Роза Рымбаева: "Шындықты да біреу айту керек..."
812
Отандық эстрада жұлдызы, халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева әріптесі Меруерт Түсіпбаевамен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол өнердегі сіңілісінің ұстанымы мен қайсарлығына тәнті екенін жасырмады.
Халық әртісі Меруерт Түсіпбаева туралы пікірін "Иірім" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
"Меруертті біздің көрермен әнші ретінде, кино-театр актрисасы ретінде жақсы біледі. Біз Меруерт екеуміз бір факультетте оқығанбыз. Біздің ұстазымыз, мектебіміз бір- Рәхилам Әбдірахманқызы Машурова. Ол менен кейінгі курста бітірді. Одан кейін жасөспірімдер театрында көп жыл актриса болып еңбек етті. Кейінгі кезде кинодан да көріп жүрсіздер, эстрадада көріп жүресіздер. Жалпы мен оны мықты қыздардың бірі деп санаймын, себебі жалғыз өзі баласын өсіріп, оны шетелде оқытып, жақсы дайындап жатыр. Ана болғаннан кейін ең бірінші парыз– сол баланы жеткізу, жағдайын жасау. Сондықтан "балам, балам" деп арасында шетелде тұрып келеді. Баласының өсіп жатқанына, оқуды жақсы бітіргеніне қуанып, бізге айтып жүреді. Біз де қуанамыз, біз де анамыз ғой", - деді ол.
Роза Қуанышқызы өнердегі әріптесінің кейбір қасиетіне тәнті болатынын да жасырған жоқ.
"Келіспей қалған дүниелерді ашық айтып тұрады. Ол жағынан белсенді, мен ол жағынан белсенді емеспін. Шындықты да біреу айту керек, халыққа жеткізу керек. Дұрыс па, бұрыс па, оны халық өзі біледі. Біз қазақ қыздары ұяңдау келеміз, "ұят-ау", "айтпай-ақ қояйыншы", "оны айтатын адамдар бар ғой" дейміз. Ал Меруерт оған тікелей шын жүрегімен араласады. Себебі адами позициясы, адами қасиеті үндемей тұра алмайды. Ол өзіне қатысты көп проблеманы да халыққа ашық айтады", - деді ол.
Осы тұста халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваға шығармашылық табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...