Роза Рымбаеваға қомақты айыпұл салынды

29-шы шағынаудандағы Ars сауда үйінде орналасқан Abu Baby балалар киім дүкені қайырымдылық шарасын өткізіп, азық-түлік пен сыйлықтарды тегін таратты, деп хабарлайды POLITICO.KZ ALASH.KZ cайтына сілтеме жасап.
Келісілмеген бұл шара қала тұрғындарының жаппай жиналуына себеп болып, қоғамдық тәртіптің бұзылуына және шара өткен аумақта күрделі жағдайдың туындауына әкеп соқты.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дүкен иесіне – халық әртісі Роза Рымбаеваның тегімен аттас азаматшаға қатысты әкімшілік іс қозғалады.
Кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-1-бабына сәйкес, “Хабарламай не келісім алмай, көпшілік іс-шараны өткізу” бабы бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Әкімдік ескертеді: азаматтардың жаппай қатысуымен өтетін кез келген іс-шара – мейлі ол қайырымдылық акциясы, азық-түлік немесе сыйлық тарату болсын – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен алдын ала келісіліп өткізілуі тиіс.
Бұған дейін хабарланғандай, кішкентай балалар халықтың басқаруға келмейтін қалың нөпірінде адасып кеткен.
Соңғы жаңалықтар





