Рудныйдағы оқиға: Полиция мен жасөспірім арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

23.03.2026 11:58 Арман Ермеков
Рудныйдағы оқиға: Полиция мен жасөспірім арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды
346
Фото: Бейнеден кадр
ЖАЛҒАСЫ

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласының полиция қызметкерлері жасөспірімге күш қолданып, оны итеріп қарға лақтырған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 13 наурызда Рудный қаласында болған. Желіде таралған дыбыссыз видеодан полиция қызметкерлерінің жасөспірімд жұлқылап, қарға құлатып, итеріп және күшпен жетектегенін байқауға болады.

Бейнежазбаның астында жасөспірімнің анасы оқиғаның қалай болғанын баяндаған. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған ұлы мотоциклін гаражға қарай сүйреп бара жатқан кезде оны патрульдік полиция тоқтатқан. Сақшылар дөрекілік танытқандықтан, бала шағымдану үшін екінші полиция патрулін шақыратынын ескерткен.

«Келген екінші патруль де біріншілердің жағына шығып, баламмен дөрекі сөйлесе бастады. Бастапқыда олар хаттама толтырып, мотоциклді гаражға қоюға келіскенімен, кейін райынан қайтып, көлікті айыптұрағына әкететіндерін айтты. Олар балаға күш қолданып, қолынан жұлқылап сүйреді, күртешесін жыртып, телефонын құлатып алды. Ал айыптұрағына жеткенде оны ұра бастады, балам қолынан келгенше қорғанды», - деді жасөспірімнің анасы.

Қазіргі уақытта politico.kz редакциясы осы жағдайдың мән-жайын анықтап, ресми түсініктеме алу үшін тиісті құзырлы органдарға сауал жолдады және жауап күтіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий