Руслан Берденовке қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке қатысты тергеу аяқталды
25.06.2025 18:01
0
474

Шымкент қаласының прокуратурасы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс келесі айда сотқа жіберілуі мүмкін.

Күдікті Ернар Жиенбай — бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директорының міндетін атқарған. Ол 21 сәуірде әкімдік ғимаратының маңында, қылмыс орнында ұсталды. Сол күні сот оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Бастапқыда іс 21 маусымда сотқа жіберіледі деп жоспарланған болатын.

«Тергеу аяқталды, қазіргі таңда тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Осыдан кейін іс прокуратураға жолданып, сотқа беріледі. Әзірге сот процесі басталған жоқ», – деп түсіндірді сотта.

Еске салайық, Руслан Берденовке жасалған қастандық 21 сәуір күні орын алған. Шенеунік әкімдік ғимаратынан шыққанда оған бес рет оқ атылған. Атқан адам — әкім орынбасарының бұрынғы қарамағындағы қызметкер Ернар Жиенбай болып шыққан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий