Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембай бостандыққа шыққысы келеді

Шымкенттегі атышулы қастандық ісі қайта қаралып жатыр. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша қозғалған қылмыстық іс апелляциялық сатыға өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл істің басты айыпталушысы - Тұрғын үй Шымкент компаниясының басшысы. Биыл сәуір айында әкімдік ғимараты алдында Берденов оқ жарақатын алғаннан кейін, сот оны “Адам өлтіру” бабымен 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.
“Прокуратура заңды қадағалаушы орган ретінде іс әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігімен қайта саралады. Бұл бап бойынша кінәлі деп танып, ішінара мойындауына байланысты ең төменгі жаза тағайындауды сұраймын”, – деді.
Алайда тараптар үкіммен келіспей, істі қайта қарау туралы шағым түсірді. Қазір іс апелляциялық сотта қаралуда. Айыпталушының әкесі Жиембай Пралиев соттан ұлы Ернар Жиембайдың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа шығаруын өтінген.
Соңғы жаңалықтар




