Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі «Қазақмыс» кәсіпорындарын аралады

16.01.2026 14:21 Арман Ермеков
Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі «Қазақмыс» кәсіпорындарын аралады
2
Фото: «Қазақмыс»

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңіріндегі негізгі өндірістік нысандарды аралап қайтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Шығыс Жезқазған кенішінде басшы технологиялық үдерістермен және өндірістік көрсеткіштермен қатар тау-кен техникасын пайдалану мен жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалады. Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке ерекше назар аударған Руслан Өскенәлі жер асты кәсіпорындарындағы геомеханикалық жағдайды бақылау үшін цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізу қажеттігін айтты. Бұл қадам қауіпсіздік деңгейін арттырып, туындауы мүмкін тәуекелдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Бұдан кейін компания басшылығы Жезқазған байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауытының негізгі цехтарын аралап, ондағы жабдықтардың жағдайы мен тозу деңгейін бағалады. Жұмыс сапары барысында кәсіпорындардың алдағы даму перспективалары мен басым инвестициялық бағдарламалары талқыланды. Бұл жолы еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілмегенімен, алдағы уақытта басшылық барлық өндірістік алаңдарда қызметкерлермен тікелей диалог орнатуды жоспарлап отыр.

Өндіріс орындарын аралау компания басшылығының жүйелі жұмысының маңызды бөлігі саналады. Мұндай іс-шаралар нақты өндірістік процестерді терең түсініп, негізгі міндеттерді айқындауға және кәсіпорындарды жаңғырту мен тиімділікті арттыруға бағытталған ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий