СҚО-да балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі
316
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырудың 15 жағдайы тіркелді.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр бір жылдың ішінде көкжөтелмен 20 адам ауырған.
Биыл үш айдың ішінде дертті жұқтырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары. Қызылжар ауданынан екі бала сырқаттанған.
Көкжөтел ауруының жиілеуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты болып отыр. Яғни, дертке қарсы екпе алудан бас тартатындар көбейген.
Маманның айтуынша, көкжөтелден қорғанудың сенімді әдісі – вакцинациялау. Көкжөтелге қарсы екпенің алғашқы дозасы 2 айлық балаға салынып, сосын 3 және 4 айында қайталанады. Сондай-ақ 1, 5 және 6 жаста көкжөтелге қарсы ревакцинациялау жүргізіледі.«Көкжөтел – жедел таралатын, көбіне балалар ауыратын дерт. Десек те, ауруға қарсы өмірлік иммунитет қалыптаспаған жағдайда оны ересектер де жұқтырады. Бактерия науқас жөтелгенде сілекей, қақырық арқылы тарап, кейін тыныс алу органдарында дамиды. Жөтел қысып, ұстама кезінде бала қызарып, одан кейін көгеріп, мойнындағы тамырлары шодырайып, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс, не несеп бөлінуі мүмкін. Тілі сыртқа шығып, көзінен жас ағады. Ауру бір айдан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Асқынған жағдайда өкпенің қабынуына ұласады, мидың зақымдануы сияқты асқынуларымен де қауіпті», - дейді инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Бекқожина.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...