Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы туралы жағымды жаңалықпен бөлісті

25.08.2026 • 12:17 Мөлдір ҚАЙНАР
Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы туралы жағымды жаңалықпен бөлісті
1722
Коллаж sn.kz

Әнші Сәкен Майғазиев жүрегіне ота жасалып, емделіп жатқан әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы туралы жақсы хабар айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі сырқаттанып жатқан әріптесінің көңілін сұрап, ауруханаға арнайы барып қайтқанын жеткізді.

«Ақ Кенжештің жағдайын сұрап шықтық. Аллаға шүкір, жақсы болып келе жатыр екен», – деді Сәкен Майғазиев.

Сонымен қатар әнші әріптесіне дер кезінде сапалы ем көрсетіп, жағдайын бақылап отырған ақ халатты абзал жандарға шынайы ризашылығы мен алғысын білдірді.

Желі қолданушылары да бұл жаңалыққа қуанып, өнер иесінің тезірек сауығып, сахнаға қайта оралуына тілектестік білдіріп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий