"Сапарбаев, Абдуллиндердің қалдық шайын іштім": Жандос Қаржаубай естелігін бөлісті

Белгілі әнші Жандос Қаржаубай "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында жас күніндегі қызықтарды еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің сөзінше, оның ұстазы, өнердегі ұстасы Ершат Қайболдин ырымдап елге танымал әншілер мен тұлғалардан қалған шайдың қалдығын береді екен. Олардың араснда ел алдында жүргендер де бар, деп еске алады ол.
"Әншінің отырған кесесіндегі шайды тарысымен қалғанын береді. "Жұғысты болсын, сенде әнші бол, осылардың жолын берсін" деп. Ең жоғарғысы Бердібек Сапарбаевтың шайын ішкізген. Ол кісі Ақтөбе облысында әкім боп тұрған кезде біздің ауданға келіп, есеп береді. Ол кезде Мәдениет үйінде өтеді, мен сонда жұмыс істеймін. Ал Ершат ағам да музейде істейді. Бердібек ағаның есебі біткен соң сол мәдениет үйінде колонкаларды жинап жүргем. Ол кісі шай ішкен екен. Ершат ағам соны маған беріп: "Мә, Жандосжан ішіп ал, әнші болмасаң да, әкім боп кетерсің" деді.
Шәкіртім дейді мені. Барын беретін маған. Алматыға келгенде де түрлі әншімен таныстырып, мынау менің інім қарайласыңдар деп жүретін", - дейді ол.
Соңғы жаңалықтар




