"Сара Алпысқызы тірі ме?": депутат Ермұрат Бапи ел естімеген шындықты жайып салды

23.07.2025 14:04
0
913
Фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында Сара Назарбаев туралы сөз қозғады, деп жазады POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеп. 

Осыдан 2 ай бұрын БАҚ беттерінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ал кейіннен Қазақстан Республикасының бірінші президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Журналист Аман Тасығанға сұқбат берген депутат Ермұрат Бапи бұл тараған қауесеттің орынсыз екенін жеткізді.

"Сара Алпысқызы тірі болуы керек. Енді оны мен білмеймін. Қайтыс болған адамды жасырып, масқаралыққа бару қаншалықты қажет? Менің тілім жетпейді, мұны иттік деп атаймыз ба? Менің сөздік қорым жетпей тұр. Ол кісі қайтыс болатын болса, оны тірі деп сақтап қоюдың қаншалықты қажеті бар?" – деді Ермұрат Бапи.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий