"Сатып кетті": Наркенже Серікбаева жазбасымен елді алаңдатып қойды
Танымал әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, өзінің өмір жолы мен болмысы туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
«Әкем мен анамның кенжесі, 11 перзентті көп балалы отбасының еркесі болдым. Көпшілмін. Көпшіліктің арасында да еркелеп кететін бәрін үйдегідей көретінім бар. Адамдарды жатырқамай ақ көңіл қалпыммен қабылдаймын. Өзгені өзімдей көріп, қолымдағы барыммен бөлісіп жүргенім анамның тәрбиесі. Барды да жоқты да, тағдырдың түрлі сыйларын да, сынақтарын да көріп келе жатырмын Аллаға сансыз шүкірлер болсын!!! Ән айтпасам ауырып, ән айтсам жеңілдеп қалатын адаммын. Өнерге деген махаббатым ешқашан өшпек емес… Сырт көзге көкіректеу көрінгеніммен іштей өте ақ көңіл жұмсақ адаммын негізі.»
Өнер иесі сондай-ақ өмірде кездескен қиындықтар мен адамдарға қатысты ойымен де бөлісті.
«Кейде еркелігімді көтере алмайтын адамдары да кездестірем. Ақ көңілдігімді аңқаулық деп санап сан соқтырып жүргендер аз емес. Өмір болған соң бәрін көреді екенсің. Менде дос санаулы ғана. Сатқындықты да көрдім. Бетке айтатын мінезіммен адамдарға кейде жақпай қаламын. Сырттан сөйлегеннен гөрі бетке айтып та жүре берген жақсы… Дос болғанға есігім де жүрегім де ашық. Құдайдың бергенін қарғадай басып жемей, сұңқардай шашып жейтін, бауырмал пейілімді, ізгі ниетімді алмасын Алла. Өмірге өнермен келдім, сол өнер деп өтем. Ән менің өмірім. Ән ғұмыр, ән сапар, елдің ықыласы мәңгілік болғай! Жақсы адамдарым, тыңдармандарым, тілеулестерім сіздер аман болыңыздар!», — деп жазды өнер иесі.
Оның бұл жазбасы желі қолданушыларын ойландырып, көпшіліктің қолдауына ие болды.
Соңғы жаңалықтар