Саяси қуғын-сүргін – халқымыз үшін тарихи трагедия – Еркін Әбіл
778
ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіндер: тұжырымдамалық пайым және саяси-құқықтық баға беру» атты дөңгелек үстел өтті.
ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараның мақсатын атап өтті.
Қазақстан аумағында жалпы саны 11-ге жуық ГУЛАГ лагері мен бөлімшелері құрылғаны белгілі. Қазақ тарихындағы аса ауыр зұлматты кезең – ашаршылықтың болғанына ғасырға жуық уақыт өтсе де, оның алғышарттары, себебі мен салдары әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан жан-жақты әрі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл ретте, осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашаршылық пен сталиндік құғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл соңғы жылдары құпия сақталған құжаттар қолға тигенімен, көбі жарамсыз күйінде екенін айтты. Қағаздарға су тиіп, жыртылып, жазулар жоғала бастаған. Десе де, ғалымдар маңызды дүниелерді барынша сақтап қалуға тырысып отыр.«Қазақстандағы және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларындағы саяси репрессиялардың өзекті мәселелеріне сараптамалық талдау жасап, саяси-құқықтық баға беру маңызды», - деді ол.
«Бұл оқиға – халқымыз үшін тарихи трагедия. Әлі ашылмаған дүниелер көп. Біз әлі саяси қуғын-сүргін құрбандарының нақты санын білмейміз. Жеке есімдерін білу былай тұрсын, ашаршылықтан қайтыс болғандардың саны да белгісіз. Үш жыл ішінде мұрағат материалдары ретінде 70-тен астам құжат жинағы әзірленді. Соңғы екі жылда Алматыдағы Президент мұрағатында 100 жылда жиналған материалмен тең 700 мыңға жуық құжат жиналды. Алайда, оның жартысынан көбі дұрыс сақталмағандықтан, қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Кейін құжаттарды ғылыми айналымға енгізу керек», - деді Еркін Әбіл.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
09:48
«Шешесімен бірігіп, өз үйімнен қуды»: Жанель Ма...
22.09.2026
09:19
Хат бар, хабар жоқ: Қызылорда облысында 26 жаст...
22.09.2026
09:11
Экс-депутат Бақытжан Базарбектің ісіне белгілі ...
22.09.2026
08:27
Экс-депутат Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағай...
21.09.2026
23:36
Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» республикалық м...
21.09.2026
22:36
Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мак...