«Сценарий емес». Министр ұшақта көмек көрсеткен жолаушы танымал адам болып шықты (ВИДЕО)
574
27 қараша «Астана–Алматы» ұшағында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алғашқы медициналық көмек көрсеткен жолаушы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болып шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ол өзінің парақшасында бөлісті.
Гүлмира Әбіқай ұшақ бортында болған жағдайды баяндап, өзі мән-жайды түсіндірген. Сондай-ақ аяқ асты қан қысымы көтерілгенде көмекке тұра ұмтылған еліміздің бас дәрігеріне алғысын білдірді.
«Көпшілік «сценарий, өтірік» деп жатыр. Бұл – рас, болған оқиға. Дәл сол орында отырған жолаушы мен едім. Дер кезінде жанымнан табылған еліміздегі бірінші дәрігер Ақмарал Әлназароваға алғыс айтқым келеді», – деді журналист.
«Мен – дәрігермін»: Министр ұшақта есінен танып қалған бойжеткенді аман алып қалды
Айта кетейік, кеше Астана – Алматы рейсінде жолаушының жағдайы нашарлап, оған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың көмектескен еді.
Соңғы жаңалықтар
22.07.2026
00:32
Әнші Анатолий Цой шаңырақ көтерді
22.07.2026
00:20
«Еркектердің тестостероны түскен заман болды». ...
21.07.2026
23:51
"4-5 қызбен сөйлескенімді жасырмаймын". Жігер А...
21.07.2026
23:20
"Үйден ине мен зираттың топырағын тауып алдым":...
21.07.2026
21:18
Мақсат Чаки: Қазақ, қырғыз, өзбек бірігіп ортақ...
21.07.2026
20:52
Қырғызстандық сарапшы: Көкпар мен көкбөріні бір...