«Селтикпен» өткен матчтың жұлдызы қақпашы Анарбеков ауыр жарақат алып қалды

Алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің 23-турындағы орталық ойында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 10-минутында жуырда «Селтикке» қарсы матчта көзге түскен Темірлан Анарбеков жарақат алып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Ақтөбе» қорғаушысы Уче Агбоның шынтағымен жасалған соққыдан кейін оны алаңнан зембілмен әкетті. Оның орнына қақпаны 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғап, соңына дейін қақпасын голдан сақтай алды.
Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, 18 қыркүйекте алматылық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын Лиссабонның «Спортингіне» қарсы өткізеді. Ал Анарбековтің енді Чемпиондар лигасы матчына шығуы екіталай.
Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтің жарақаты туралы айтты.
«Білуім бойынша, Темірланның жақ сүйегі сынған. Ол белгісіз мерзімге қатардан шығып қалды. Алдағы Чемпиондар лигасы мен ҚПЛ-2025 матчтарында бізге көмектесе алмайды», – деді бапкер.
Соңғы жаңалықтар





