Semafor: АҚШ Крымды ресейлік деп тануға дайын
2051
АҚШ Қырымды Ресейге тиесілі деп тану арқылы бітімге қол жеткізуді көздейді
АҚШ әкімшілігі Қырымды Ресейдің ресми аумағы ретінде тану мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Semafor деректеріне сүйенсек, Вашингтон бұл қадамды Украинадағы соғысты тоқтату келіссөздерінің бір бөлігі ретінде қарастыруда. Ақ үй бұл шешім бейбітшілік процесін жеделдетуге септігін тигізеді деп санайды.
Сонымен қатар, бұл мәселені БҰҰ деңгейінде көтеру ұсынылып отыр, осылайша халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болу көзделуде. Алайда, бұл ұсыныс әлі де талқылау кезеңінде тұр.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Брайан Хьюз Вашингтонның Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге күш салып жатқанын мәлімдеді.
Қырымның мәртебесі туралы мәселе АҚШ-тың сыртқы саясатындағы маңызды өзгерістердің белгісі болуы мүмкін. Бірақ бұл шешім Украина мен оның одақтастары тарапынан қандай реакция тудыратыны әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...