Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің әйелі биліктен өтемақы талап етті

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің әйелі биліктен өтемақы талап етті
10.01.2025 09:30
0
264
ашық дереккөз

Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлап, жараланған мұғалімнің әйелі биліктен өтемақы талап етті.

Мұғалімнің жары Сымбат Аянқызының айтуынша, науқас әлі жарты жыл ем қабылдауы қажет.

23 жастағы мұғалім Қуат Айтқали өздігінен жүріп-тұра алмайды. Сондықтан оны күтіп, қарау үшін де бір адам қасында отыруы қажет дейді жұбайы. Өйткені дәрігерлер оның миына құйылған қанды тоқтатып, сынған бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Енді екі айдан кейін оның орнына пластмасса салу үшін қайта ота жасалады.

Жәбірленушінің әйелі ұстаздарға шаһар басшысының орынбасары мен білім бөлімінің басшылары шыршаның басына шығуға бұйрық бергенін айтады. Семейдегі бас шыршаны безендіруге барлығы он мектептің мұғалімдері жұмылдырылған екен. Мұағілмінің әйелі қағаз жүзінде болмаса да, бұйрық ауызша берілгені анық деп отыр. Енді тергеу аяқталған соң адвокат жалдап, өтемақы талап ету үшін сотқа жүгінбек.

“Біз барлығын заң жүзінде істеп жатырмыз. Қазір 362-баптың төртінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барлығынан сұрақ алынып жатыр. Енді алдағы уақытта сот әділ өтеді деген шешімдеміз. Тергеу қалай бітеді, кімді кінәлі қылады, біз соларға арыз жазып, бәрін сотпен шешеміз”, – дейді Сымбат Аянқызы. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или