Семейде жантүршігерлік қылмыс болды

15.08.2025 • 16:39 Admin
Семейде жантүршігерлік қылмыс болды
1293
Фото: Видеодан кадр

Семейдің орталығында, орталық полиция бөлімінің ғимаратынан небәрі бірнеше метр жерде, күндіз бірнеше ер адам өтіп бара жатқан азаматты соққыға жығып, пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Бұл полицияның көз алдында болған шабуылға байланысты жұрттың ашу-ызасын туғызды. 

Полиция департаменті қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Күдіктілер қолға түсті, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий