"Сен ән айтпай-ақ қойсаңшы". Мирас Жүгінісов өзін сынағандар туралы айтты

11.05.2025 14:03
0
272
Фото: Instagram / zhugunussov.mj

Белгілі қазақстандық әнші Мирас Жүгінісов "Қызық Times" бағдарламасына қонақ болып, шығармашылық жолындағы қиындықтары мен өзіне сенбеген өнер өкілдері туралы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Бұрыннан айтқым келіп жүретін. "Ағайынды Жүгінісовтер" құрамында ән айтып жүрген кезде маған көп кісі, оның ішінде өнерде жүргендер: "Сен ән айтпай-ақ қойсаңшы", – дейтін. Себебі мен төмен дауыспен айтатынмын. Содан болар, біреулер: "Мүмкін сен ән айтпай-ақ қоярсың?!" – деген еді. Бірақ ол кісілердің есімін айтпай-ақ қояйын", – деді Мирас Жүгінісов.

Сонымен қатар, ол өзіне сеніп, дем берген аға буын өкілдерін де ерекше ықыласпен еске алды.

"Бірақ сол кезде мені қолдаған астаналық Дос ағамыз маған әрдайым: "Сен тастама, мен сенен мықты әнші шығатынына сенемін", – деп жігерлендіретін. Қай жерде көрмесем де, сөйтіп қолдау білдіретін. Ол кісіге алғысым шексіз", – деп ризашылығын білдірді әнші.

Мирас Жүгінісов қазіргі таңда жеке шығармашылық жолында үлкен табыстарға қол жеткізіп, тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алып үлгерді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий