​«Сен – айсың»: Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваға сезімін білдірді

25.06.2026 15:29 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Сен – айсың»: Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаеваға сезімін білдірді
333
Фото: видеодан скриншот

​Белгілі актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов әріптесі Әйгерім Қалаубаеваға деген ерекше сезімін жасырмай, оны айға теңеді. Өнер иелерінің арасындағы мұндай шынайы қарым-қатынас пен өзара үйлесім желі қолданушыларының арасында үлкен талқылау тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Екі жұлдыз бір-біріне деген көзқарастары мен шығармашылық (және өмірлік) байланыстарының сыры неде екенін ашық айтты.

​Нұрлан Әлімжанов Әйгерімнің табиғи сұлулығына тәнті екенін жеткізіп, ағынан жарылды:

​«Сен боянбашы деймін. Боянбасаң да, сен – айсың… Алты сағаттың ішінде өзіңді қатты сағындым. "Айкош, маған сен жетіспей тұрсың" деп айттым ғой», – деді актер ағынан жарылып.

​Өз кезегінде Әйгерім Қалаубаева Нұрланның жүрегін қалай жаулап алғанын және олардың арасындағы түсіністіктің басты себебін ашып көрсетті:

​«Өйткені мен саған бағынамын. Тыңдаймын. Сенің не сөйлеп тұрғаныңды аңдып, қас-қабағыңды бағамын. Сенен алға шығып кетпеуге, артық әрі көп сөйлеп қоймауға тырысамын», – деп жауап берді әнші.

​Әріптесінің бұл сөздеріне дән риза болған Нұрлан Әлімжанов елдегі өзекті мәселе – ажырасу тақырыбын қозғап, өзге әйелдерге құлаққағыс жасады.

​«Ондай жағдайда Қазақстанда ажырасу деген атымен болмас еді», – деп кесті актер.

​Нұрлан Әлімжанов бұл сөздердің, ең алдымен, олардың сахнадағы жүргізушілік қызметіне қатысты екенін меңзеді. Десе де, өмірде де әйел заты осылай әрекет етсе, отбасылық өмірге үлкен үйлесімділік келетінін тұспалдап жеткізді.

​Бұған жауап ретінде Әйгерім Қалаубаева әзіл-шыны аралас: «Сондықтан біз ажыраспаймыз», – деп күліп, нүктені қойды.

Войдите, чтобы оставить комментарий