"Сен керексің":"Қылышбектің" рөлін сомдаған актер Дариға Бадықоваға қатысты тың дерек айтты

08.10.2025 09:56
0
231
ашық дереккөзден

Белгілі актер Рүстем Жаныаманов әріптесі Дариға Бадықова жайлы өз ойын айтып, оның жаңа фильмін талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Qazaq Today ақпарат порталына сілтеп.

Журналистің “Бадықованың фильміндегі Олжастың рөлінде сіз болуыңыз мүмкін бе?” деген сұрағына актер күліп жауап берді:

“Негізі Дариға кезінде маған хабарласқан болатын. «Рүстем, сен маған керек боласың» деп қана айтты. Ол өзі сондай — бәрін соңына дейін айтпайды. «Бір жоспарым бар еді, сен керек боласың, кейін сөйлесеміз», – деді”, — деді актер.

Алайда көп ұзамай Рүстем Жаныаманов әріптесінің басқа әріптеспен — Олжаспен бірлескен жобасын көргенін айтты.

“Кейін қарасам, Олжас екеуі “бааам!” деп трекпен шықты. Кейін киносы шықты. Мен қуандым. Өзіне де айттым”, – деді ол.

Актер әріптесіне тек сәттілік тілеп, оның шығармашылығына құрметпен қарайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий