Сенатор жаңа қалаға бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігін атап өтті

Сенатор жаңа қалаға бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігін атап өтті
26.12.2024 15:44
0
213
ile-tany.kz
Сенатор Жөргенбаев: «Алатау қаласының дамуы тоқтап қалмауы тиіс»

Алатау қаласының құрылысына қаражат жетіспей жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Сенатор Жанболат Жөргенбаев Алматы облысының бюджет мәселесін көтеріп, президент тапсырмасымен салынатын жаңа қала Алатаудың дамуына қосымша қаражат бөлуді ұсынды. Оның айтуынша, аймақтық бюджетте қаражат тапшылығы байқалып отыр, бұл қала құрылысының тоқтауына алып келуі мүмкін.

«2023 жылғы қаржылық есептілікке сәйкес, жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң аясында белгіленген кірістер орындалмағандықтан, облыстық бюджетте 16,7 млрд теңге кредиторлық қарыз пайда болды», – деді сенатор.

2024 жылға арналған жоспарға қарағанда, қала дамуына 25 млрд теңге бөлу көзделген, бұл бастапқы жоспарланған сомадан 1,6 есе аз. Жанболат Жөргенбаевтың мәлімдеуінше, бұл қала құрылысының жоспарлы мерзімде аяқталуына кері әсерін тигізеді.

«Алатау қаласын дамыту жоспарына сәйкес, құрылыс 2050 жылға дейін жалғасады. 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен қажетті шараларды жүзеге асыру үшін қосымша қаражат бөлуді сұраймын», – деді депутат.

Сенатордың пікірінше, республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру қарастырылса, қаланың даму жоспары уақытылы жүзеге асырылып, облыстық экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тақиев республикалық бюджет шығындарының артқанын, ал табыстардың толық орындалмағанын мәлімдеген болатын.

Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или