"Сендер бізсіз мемлекеттік төңкерісті де тоқтата алмадыңдар": Қазақстандықтар ресейлік Smart Coffee-ні бойкоттауда

05.05.2025 12:23
0
397
Коллаж POLITICO.KZ
Smart Coffee кофейнясы желідегі пікірден кейін халық наразылығына ұшырады

"Сіздер бізсіз мемлекеттік төңкерісті де тоқтата алмадыңыздар". Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстанда Smart Coffee кофеханалар желісіне қарсы бойкот басталды. Бұған себеп - ресейлік кәсіпкер, аталған франшизаның иесі Евгений Глинскийдің атымен тараған даулы пікір.

Не болды?

Интернетте 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты Глинскийдің атынан жазылған пікірдің скриншоты тарады. Пікірде былай делінген:

"Әрине, атпен қарсы аласыңдар ма? Өз елдеріңіздегі мемлекеттік төңкерісті де бізсіз тоқтата алмадыңдар. Міне, батырлар."

Бұл жазба Instagram-дағы ZTB парақшасында пайда болған "Путин Украинамен бітім жариялады" атты постың астында жазылған. Скриншот әлеуметтік желілерде кең тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Көпшілік мұны ОДКБ күштерінің елге кіргенін қорлайтындай еске салу деп қабылдады.

 

Посмотреть в Threads

Қоғам реакциясы

Осыдан кейін қазақстандықтар Smart Coffee кофеханаларына бойкот жариялап, 2ГИС қосымшасында төмен бағалар қоя бастады.

Глинскийдің жауабы

Евгений Глинский Instagram арқылы видео үндеу жариялап, кешірім сұрады және аталған пікірді өзі жазбағанын мәлімдеді.

"Мен бұл видеоны сіздер көріп, оқыған жазба үшін кешірім сұрау мақсатында жазып отырмын. Видеоны ертерек жариялауым керек еді, бірақ күйзеліс кезінде адам әрдайым дұрыс шешім қабылдай алмайды. Кінәлі адамды табатын болсам, ол міндетті түрде сіздердің алдарыңызда жауап береді. Бірақ мен Қазақстан халқының даналығына сенемін."

Сондай-ақ ол өзіне шабуыл түнгі сағат 2-де басталғанын, бір адам скриншотты жариялап, оны "шовинист" деп айыптағанын айтты.

"Мен – жартылай башқұрт, жартылай татармын. Біздің мәдениетіміз қазақ халқына өте жақын. Ол пікір менің де халқымды қорлайтын еді. Мен ондай жазбаны ешқашан жазбас едім", – деді ол.

Глинскийдің айтуынша, Қазақстандағы Smart Coffee командасында 40 шақты адам жұмыс істейді, олардың көбі – қазақтар.

"Сіздер оқыған сөздер мені де қорлады. Мен сіздерді түсінемін. Әсіресе, Қаңтар оқиғасын жақсы білемін. Бұл жағдай бойынша мен толығымен сіздердің жағыңыздамын", – деді кәсіпкер.

 

Посмотреть в Threads

Компания туралы

Smart Coffee – Қазақстанда вендинг форматында жұмыс істейтін кофеханалар желісі. Kompra.kz мәліметі бойынша, елімізде бұл атаумен тіркелген екі ЖШС бар: "Smart Coffee" (Алматы облысы, Боралдай кенті) және "Smart Coffee LTD" (Алматы), басшылары – Дамир Волох пен Артём Габдрахманов.

Ақпарат bes.mediа сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий