«Сенімімді ақтамады»: Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта марқұмның анасы мәлімдеме жасады
1926
Астана сотында Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша кезекті сот процесі өтіп жатыр. Сот отырысы барысында марқұмның анасы Сәлима Ешанқұлова журналистерге сұхбат беріп, істің әділ шешілуін талап ететінін және күйеубаласының әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz сайты kursiv сайтына сілтеп.
Марқұмның анасы ешкімге арнайы жаза сұрап, айып таққысы келмейтінін білдірді.
«Әділдік орнаса деймін. Ешкімге жаза сұрап, айып таққым да келмейді. Күйеубалам басында «басынан аяғына дейін қиянат жасамаймын» деп уәде берген еді. Бірақ ол сенімімді ақтамады», — деді Сәлима Ешанқұлова.
Сонымен қатар ол сот басталар алдында Ұлдананың күйеуі Әділет Зейнелдің марқұмның туыстарымен тілдеспегенін және өзін «бөтен адам сияқты» ұстағанын атап өтті. Бұған дейін Әділет Зейнелдің адвокаты оның бұл істе «жәбірленуші» мәртебесінен бас тартатынын мәлімдеген болатын. Марқұмның анасы күйеубаласының бұл шешімі туралы журналистерден естігенін айтты.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...