"Сенің жаныңда ешқандай дауыл қорқынышты емес": кәсіпкер Кеңес Рақышев әйелін ерекше құттықтады
Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев жұбайы Әсел Тасмағамбетованы туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазбасын жариялады.
Біздің халық әйелдерді әрқашан биік бағалаған. Қызды босағаға отырғызбаған, «құт қызбен қатар жүреді» деп құрметтеген. «Әрбір мықты ердің артында әйел тұрады» деген де дана сөз бар. Сол менің артымда тұрған әйел — Әсел. Оны барлығыңыз танисыздар. 20 жасымыздан бастап отбасын құрып, өмірдің суығы мен ыстығына бірге төтеп беріп келеміз. Қазіргі таңда жұбайым екеуіміз екі ұл мен екі қыздың ата-анасымыз. Шаңырақ көтергенімізге 25 жыл өтсе де, мен Әселдің жұмсақ жүрегіне, кең пейіліне әлі күнге дейін таңдана қараймын. Әке ретінде мен ұл-қыздарыма ең жақсы, ең ізгі ананы таңдадым деп есептеймін. Сенің жаныңда ешқандай дауыл маған қорқынышты емес! Туған күнің құтты болсын, асыл жарым! » – деп жазды кәсіпкер.
Желі қолданушылары Кеңес Рақышевтың бұл жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, отбасына береке мен ұзақ ғұмыр тіледі. Көпшілік ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығына сүйсініп, «нағыз үлгілі жұп», «осындай сөз әр әйелдің арманы ғой», «25 жыл махаббатпен өмір сүру – үлкен бақыт» деген сынды пікірлер қалдырды.
Соңғы жаңалықтар