Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің кандидатурасына келісім берді.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына Серік Мақашұлы Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.
Содан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Еске салсақ, осыған дейін Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...