Шаханов Кеңсай зиратына жерленбейтін болды

20.04.2026 18:12 Әсел Мұрат
Шаханов Кеңсай зиратына жерленбейтін болды
409
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өз туған жері Отырарда жерленетін болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ақынның жиен немересі Қайырхан Балғабеков әлеуметтік желіде жазды.

«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленетін болды», - жазды ол. 

Біздің дереккөздердің хабарлауынша, Отырар екені рас – Арыстан бабтың ішіне немесе соның маңына жерленуі мүмкін. Бұл мәселе шешіліп жатыр дейді.

Бұған дейін Қазақстанның Жазушылар одағы Мұхтар Шахановтың Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында жерленетінін хабарлаған еді.

Айта кетейік, ақынның жары Ханшайым Шаханова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдағаны хабарланған еді. Өтініште Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты көрсетілген – оны Түркістан өңіріндегі қасиетті Арыстанбаб кесенесі маңына жерлеу.

Хатта ақынның қазақ қоғамындағы ерекше орны атап өтіліп, оның Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы еңбегі, ұлттық рухты көтерудегі қызметі, сондай-ақ тәуелсіздік, тіл және руханият жолындағы күресі айрықша көрсетілген.

Сонымен қатар мемлекет басшысынан ақынның соңғы тілегін орындауға рұқсат беру және жерлеу рәсімін Арыстанбаб кесенесі аумағында заң талаптарына сай ұйымдастыруға қолдау көрсету сұралған.

Артынша осы мәселеге қатысты премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Azattyq Rýhy басылымына пікір білдіріп, Арыстан баб кесенесі қазір туристік нысан болғандықтан, оның аумағынан жаңа зираттар қазу – адамгершілік тұрғысынан да, діни тұрғысынан да дұрыс еместігін жеткізген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий