Арыстан баб пантеон-зираты емес. Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Кеңсайға жерленетінін түсіндірді

20.04.2026 17:36 Арман Ермеков
Арыстан баб пантеон-зираты емес. Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Кеңсайға жерленетінін түсіндірді
1379
Мұхтар Шаханов неге Арыстан бабқа жерленбейді. Фото: Ашық дереккөз
ЖАЛҒАСЫ

84 жасында өмірден өткен халық жазушысы Мұхтар Шахановтың неге өзінің соңғы аманаты бойынша Арыстан баб кесенесіне емес, Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін желіде марқұмның жары Ханшайым Шаханованың хаты тарап, онда ақынның соңғы тілегі Арыстан баб кесенесіне жерлену болғаны жазылған еді. Алайда қоғам қайраткерінің 21 сәуірде Кеңсайға жерленетіні белгілі болған соң, бұл жағдай қоғамда түрлі талқылау тудырды.

Осы мәселеге қатысты Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Azattyq Rýhy басылымына пікір білдіріп, Арыстан баб кесенесі қазір туристік нысан болғандықтан, оның аумағынан жаңа зираттар қазу – адамгершілік тұрғысынан да, діни тұрғысынан да дұрыс еместігін жеткізді.

"Біріншіден, өз ғұмырын ұлт руханиятына арнап, өскелең ұрпаққа мол мұра қалдырған ақынымыздың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сұрақ жауабына көшсек, сөз жоқ, елімізде Мұхтар Шахановтай тау тұлғаға мәңгілік мекен болуға лайықты жер көп. Десе де, бүгінгі еліміздің мұраты – әділетті қоғам құру болса, берекесі – сол қоғамда заң мен тәртіпті сақтауда. Бүгінде Арыстан баб кесенесі де, оны қоршаған ескі қорым да мемлекеттің қорғауындағы нысандар. Иә, бұрын зиярат ететін жер болса, қазір бұл – тарихи мұрамыз. Арыстан баб пантеон-зираты емес, ол ең алдымен үлкен мәдени-рухани орталық, туристік бағытқа енген тарихи-мәдени нысан. Сондықтан ол жерге жаңа зираттар қазу адами тұрғыдан да, діни тұрғыдан да дұрыс болмайды деп санаймыз. Ал Мұхтар ағамызды тұлға қылған, ортасын кеңейтіп, рухын шыңдаған қала, зиялылардың ортасы – Алматы қаласы. Сондықтан артынан іздеп, дұға жасайтын жамағат ұлыларын Кеңсайдан табады. Ақынның туыстары осы мәселеге түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз", - деді Аида Балаева.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий