Шахизада отбасымен шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті
Әнші Шахизада отбасымен Мысырда жүр. Әнші желідегі парақшасында демалысынан фото-видео жариялады. Ал оқырмандары оған жақсы көңіл-күй тіледі.
Аппақ костюм мен қалпақ киген Шахизада Instagram-дағы парақшасында Шарм-эль-Шейхтегі сән-салтанаты келіскен қонақүйдің фонында түскен суретін бөлісті.
"Аллаға шүкіршілік етемін", - деп жазды ол жазба сипаттамасында. Instagram-дағы парақшасынан Мысырда жүрген әншіні тағы бірнеше образда байқауға болады. Мысалы әнші теңіз жағасында жағажайда киюге арналған қара торлы көйлек киіп фотоға түскен.
Желідегі оқырмандары әншінің талғамы жоғары екенін байқап, оған жақсы көңіл-күй тіледі.
"Суретке әдемі түседі екенсіз, Шахизада", "Фотода керемет көрінесіз", "От болып тұрсыз", - деп пікір қалдырған олар. Айта кетейік, өнер иесі ұлы, келіні және немерелерімен демалып жатыр. Әнші немересімен гольф ойнап жүрген сәтін де жариялаған.