Шамалғанда өзен жағасында әйелді жіппен тұншықтырмақ болған
Алматы облысының Шамалған ауылында белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасап, оны жіппен тұншықтырмақ болған. Абырой болғанда, әйел қарсылық көрсетіп, қаскөйдің қолынан қашып құтылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 6 маусым күні кешкі уақытта өзен маңында болған. Туыстарының айтуынша, белгісіз ер адам кенеттен әйелге арт жағынан келіп, мойнына жіп лақтырып, тұншықтыруға әрекет жасаған, әйел қашып құтылған соң, полицияға арыз берген.
Жәбірленушінің жақындарының сөзінше, шабуыл жасаған адамның жеке басы әлі анықталмаған. Дегенмен тергеу органдарының қолында оқиға орнындағы бейнебақылау камераларының жазбалары бар.
Қарасай аудандық әкімдігі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша тергеліп жатыр.
Қазір құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
03:55
Кіші дәрет, кіші жаза: Астанада ер адам 10 тәул...
22.10.2026
22:05
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған ж...
22.10.2026
18:07
Шымкентте 4,8 миллиард долларлық 22 құжатқа қол...
22.10.2026
17:41
Тоқаев Сәтқалиевпен АЭС құрылысын талқылады
22.10.2026
17:25
TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке ...
22.10.2026
17:18
Қазақстанда әскерге шақырудың жаңа үлгісі енгіз...