"Шамға іліп кеткен": Арман Дүйсеновтің әйелі ұлының өлімі туралы ашып айтты

02.12.2025 17:03 Мөлдір Талғат
0
499
Фото: коллаж Orda.kz. Суретте: Абылай Дүйсенов

Марқұм Арман Дүйсеновтің әйелі Айсұлу Айданқызы ұлы Абылайдың қазасына қатысты жаңа мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ол бұл туралы журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында айтып, тергеу барысына байланысты жанайқайын жеткізді.

«Абылайды өз пәтерімізден көрдім. Екі қолы арқасына байланған, аяғы жерде тұр, мойнынан аспалы шамға байлап, сүйеп қойған. Ол асылып тұрған жоқ, аяғы жерге тиіп тұр» дейді Айсұлу Айданқызы.

Ол бұл жағдайдың өз-өзіне қол салу сценарийіне мүлдем сәйкес келмейтінін атап өтті.

«Қолы арқасына айқастырылып байланып тұр. Қолды артқа байлап, өз өзіне қол салу мүмкін емес» деп түсіндірді марқұмның анасы.

Айсұлу Айданқызы іс алғашында кісі өлтіру бабымен тіркелгенін, алайда кейін белгісіз себептермен өзгертіліп кеткенін айтады.

«Басында “кісі өлтіру” деп тіркелген еді. Кейіннен біреулердің пайдасы үшін ауыстырылды. Қазір тергеушілер қылмыскерлерді табудың орнына менімен күресіп, олардың шашбауын көтеріп жүр» деп мәлімдеді ол.

Журналист Руслан Өтепбай бұл оқиға туралы толық ақпараттың жуық арада жарияланатынын хабарлады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий