Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары енді ресми түрде стриминг платформаларында

Ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндері алғаш рет Spotify, Yandex Music, YouTube және басқа да стримингтік платформаларға шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Енді кез келген тыңдаушы композитордың әндерін әлемнің кез келген нүктесінен тыңдай алады. Бұл бастама «Шәмші әлемі» қорының жетекшісі Мұхтар Қалдаяқов пен õzen музыкалық дистрибьюторының қолдауымен жүзеге асты.
«Шәмші әлемі» – қазақ композиторының 95 жылдығына арналған арнайы музыкалық альбом. Оның басты мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың мұрасын заңды түрде тарату және авторлық құқықтың бұзылуына жол бермеу.
Альбом эстрадалық-симфониялық оркестрдің және Қазақстанның үздік опера әншілерінің қатысуымен жазылған.
Шәмші Қалдаяқов – Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрада музыкасының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік гимнінің авторы. Ол өз шығармашылығында еуропалық әуендерді, әсіресе вальс жанрын, ерекше қолданған.
👉Альбомды мына жерден тыңдауға болады👈
Альбомда 10 композиция бар:
- Отрардағы той
- Әнім сен едің
- Ол жалғыз, біз екеуміз
- Қайдасың
- Берінен де сен сұлу
- Арыс жағасында
- Бақыт құшағында
- Отан
- Қуаныш вальсі
- Шынарым
Музыканы Spotify, YouTube Music, Yandex Music және басқа да платформалардан тыңдауға болады.
Соңғы жаңалықтар





