Шәріп Серік Бутееваны ұрғанын мойындап, кешірім сұрады

Шәріп Серік Бутееваны ұрғанын мойындап, кешірім сұрады
04.04.2025 15:00
0
520
Бейнеден кадр
Шәріп Серік Бутееваға жасаған әрекеті үшін жауап беруге дайын екенін айтты

Қазақ актері Шәріп Серік блогер Әлия Бутееваны ұрғанын мойындап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Актер бұл жазбасын бірнеше танымал брендтер онымен серіктестікті тоқтатқан соң жариялады. Ол ашық түрде өз әрекетіне өкініп, заң алдында жауап беруге дайын екенін жеткізді.

– Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын… Мен Әлия Бутееваны лифттен дөрекі түрде шығарып жібердім. Өкінішке қарай, мен мұндай ауыр қателік жасадым және бұл үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Өзімді ақтағым келмейді, – деді Шәріп Серік.

 

Ол ашу үстінде жасалған әрекеттерді ақтауға болмайтынын айтып, мұндай жағдайдан басқаларды сақ болуға шақырды. Сондай-ақ ол Алияға, оның отбасына және бұл оқиғадан жапа шеккен барлық адамдарға кешірім сұрап, өкінішін білдірді.

Алайда бұл мәлімдемеден кейін желі қолданушылары екіге жарылды. Кейбір ер адамдар актердің қателігін мойындауын ерлікке балап, қолдау білдірсе, басым көпшілігі оны сынға алды.

– Біз бәріміз қателесеміз. Ең бастысы – оны мойындап, сабақ алу. Сабыр, бауырым, – деп жазды блогер Руслан Ибрагимов.

– Ол актер екенін ұмытпайық, – деп жазды тағы бір қолданушы.

– Өзің зорлық-зомбылыққа қарсымын дейсің, бірақ бұл әрекеттерді бір рет емес, бірнеше қарым-қатынаста жасағансың. Мұндай адам қалай зорлыққа қарсы бола алады? – деп ашына жазды бір қолданушы.

Еске салсақ, Salem Entertainment компаниясы Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жасап, Шәріп Серікті «Патруль: соңғы бұйрық» фильмінен шығаратынын, сондай-ақ «Шакал» және «Qarga» сериалының үшінші маусымын тоқтататынын жариялады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий