Шавкат Рахмонов октагонға қашан оралады?

Қазақстандық танымал UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды деп POLITICO.KZ Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық танымал UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы файтердің менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді. Оның айтуынша, Рахмонов келер жылдың басында октагонға оралуды жоспарлап отыр.
“Шавкаттың денсаулығында проблема болды. Мамыр айында бізге Белал Мухаммадпен чемпиондық титул үшін төбелесуге ұсыныс жасалды. Алайда, жарақатына байланысты біз бас тарттық. Ол әліге дейін қалыпқа келіп жатыр. Бірақ, жарақатынан толық айықты. Енді келер жылдың қаңтар-ақпан айларында октагонға оралады. Осындай болжам бар”, - деді Әбдірахманов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсан айында шыққан. Ол кезде Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді. Алайда осы айқастан кейін ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбеген Қазақстандық файтер UFC рейтингінді үздіктер тізімінен шығып қалды.
Соңғы жаңалықтар





