Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен шығарылды

03.02.2026 14:15 Нақыпбек Фатима
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен шығарылды
71
Фото: Mike Roach/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінен алынып тасталды, деп хабарлайды Politico.kz.

UFC-дің соңғы мәліметтеріне сәйкес, жартылай орта салмақтағы үздік 15 файтердің тізімінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Осы уақытқа дейін рейтингтің екінші сатысында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов топ-15 тізімінен толықтай шығарылды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 2025 жылдың желтоқсанында жартылай орта салмақтағы топ 15 файтердің рейтингінде екінші орынға енген болатын. Ол чемпиондық белбеуден басты үміткерлердің бірі болған еді. Қазір бұл салмақ дәрежесінде Ислам Махачев чемпион болып тұр. Рахмоновтың тізімнен алынуына байланысты өзге файтерлер бір сатыға жоғары жылжыды.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында ирландиялық Иэн Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізіп жеңіске жеткен болатын. Спортшының рейтингтен шығарылуына алған жарақаты себеп болды. Жаңа жарақат оның октагонға шығуына кедергі келтіріп отыр. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша Рахмоновтың толық айығуы үшін кемінде тоғыз немесе он ай уақыт керек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий