Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апаты ісінде куәгер ретінде танылды

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апаты ісінде куәгер ретінде танылды
06.08.2025 16:06
0
804
Коллаж: POLITICO.KZ
Полиция Рахмоновтың әйелінің рөлде кім болғаны туралы жауабын тексеріп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты істе қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары аясында оқиғаның объективті көрінісін анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттер жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта азаматша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды.  Ол Алматы қаласының ауруханасында жатыр.  Тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша оған қатысты қолданыстағы заңнама шеңберінде процессуалдық шешім қабылданатын болады" - дейді полиция департаменті.

HALYQSTAN арнасының мәліметінше, полиция Гүлайым Рахмоновадан жауап алғанда, ол өзінің түсініктемесінде апат кезінде көлік рөлінде өзі болмағанын жазған.

«Көлік өз атымда болғанымен, сол күні шаршауыма байланысты рөлге қаза тапқан құрбыларымның бірі отырған еді», – деп түсіндірген ол.

Қазіргі уақытта полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп, тиісті сараптамалар тағайындағанын хабарлады. Тергеу барысы Рахмонованың сөздерінің растығын анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 27 шілде күні Жамбыл облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Көлікте Гүлайым Рахмонова, оның ұлы және екі құрбысы болған. Апат салдарынан оның екі құрбысы оқиға орнында көз жұмып, Рахмонованың өзі мен ұлы жарақат алып, Алматыдағы ауруханаға жеткізілген еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий