«Шегірткенің айғыры»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты дау шықты

03.11.2025 11:08 Берік Арманов
«Шегірткенің айғыры»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты дау шықты
0
157
Фото: sn.kz

Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Танымал блогерлер оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Сабиркин" атымен танымал блогерСабира Жалғасова Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын ашық жазып, сынап тастады.

"Шегірткенің айғыры. Топастықтың шегін көрдім деп ойлаушы едім, міне екен ғой нағыз шегі", деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "бастысы қыздығыңды мен алғанмын", "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий