«Шектен шықты»: Алматы тұрғыны танымал актердің әрекетіне шағымданды
Алматы тұрғыны актер Эдуард Табишевтің қоғамдық орындардағы әрекетіне шағымданды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Ислам Угушев Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, актер таныстарымен бірге қала орталығындағы Назарбаев даңғылы бойындағы дәмханалардың жазғы алаңдарында келушілерге қайта-қайта тиісіп жүрген.
Угушевтің сөзінше, олар адамдардан ішімдік пен такси ақысын сұрап, кейде рұқсатсыз басқа қонақтардың үстеліне барып, тамағына қол сұғады.
«Бірнеше рет көрген соң, оның ішкі жан дүниесінде жақсы адам шығар деп мән бермедім. Бірақ бүгін шектен шықты», – деп жазды Алматы тұрғыны.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Алматы қаласының полиция департаментін белгілеп, жағдайға назар аударуды сұраған.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.
Эдуард Табишев – қазақстандық актер. Ол Гүлшат Омарованың «Шиза» фильміндегі Сакура рөлімен, сондай-ақ Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалындағы Боря бейнесімен танымал.
Соңғы жаңалықтар