"Шектен шықты": Жігер Ауыпбаев пен жұбайының TikTok-тағы ашық әңгімесі жұрттың ашуын туғызды
Әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі ашық әңгімелері оқырмандар арасында қызу талқыға түсіп, наразылық тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ерлі-зайыптылардың тікелей эфирде жеке өмірге қатысты сырларды жариялауы желі қолданушыларының наразылығын күшейтті. Әсіресе олардың жеке суреттері жайлы сөз таластырған сәті көпшіліктің жағасын ұстатты.
«Сендер Жігердің жіберетін фотоларын көрмедіңдер ғой. Мендегі суреттер не суреттер сонда? Менде ондай фотолар жоқ. Қорылдап ұйықтап жатқан фотоларым бар шығар, бірақ ондай суретім жоқ» деді Мумина.
Ал Жігер Ауыпбаев эфир кезінде жарының әңгімесін былапыт сөзбен тоқтатуға тырысты.
«Мен сурет жібермедім саған. Ал сенің фотоларың ше? Ондай нәрселеріңді мына жерде айтпай-ақ қойшы. Ертең тағы бәле болады. Басқа нәрсемен қалжыңдайық» деді әнші.
Көпшілік мұндай нәзік әрі ерсі тақырыптардың көпке қолжетімді платформада талқылануына үзілді-кесілді қарсы шықты. Желідегілер бұл видеоларды жасөспірімдер мен балалар да көретінін ескертіп, эфир мәдениетін сақтауға шақырды.
«Бұл видеоларды жас балалар да көреді, ұлттық тәрбие қайда кетіп барады?», «Эфир мәдениеті сақталуы тиіс», «Хайп үшін шектен шығуды тоқтату қажет» деп жазды пікір қалдырушылар.
Оқырмандар ерлі-зайыптылар арасындағы оңаша сырлар мен ішкі қарым-қатынас көпшілік талқысына түспей, тек жеке кеңістікте қалуы керек екенін баса айтып отыр.
Соңғы жаңалықтар