Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың бірінің әйелі де алаяқ болып шықты

Шерзат Полат ісінде сотты болған Дидар Қалиахметтің жұбайы, 25 жастағы Балауса Еркінқызына қатысты дау туындады, деп хабарлайдыPOLITICO.KZ Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бірнеше жәбірленуші «қаржылық алаяқтықтың құрбаны болдық» деп журналист Руслан Өтепбайға жүгінген.
Олардың айтуынша, Балауса Еркінқызы бірнеше танысының сеніміне кіріп, әрқайсысына 2 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін несие алдырған. Ақша қолға тиген соң, келіншек байланысқа шықпай қойған.
Жағдайды анықтау мақсатында журналист Талғар қаласына арнайы барып, тұрғындармен тілдесіп, мәселенің мән-жайын бағдарлама барысында көрсетті.
Айта кетейік, қоғам Балауса Еркінқызын Шерзат Полаттың сот процесінде белсенді түрде күйеуін қорғап, әділ шешім сұраған бейнесі арқылы таныған болатын.
Ал қоғамда Шерзат Полат ісінің апелляциялық кезеңі күтіліп жатқан шақта, Дидар Қалиахметтің зайыбының бұл әрекеті көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды.
"Осыған байланысты бірнеше сұрақ туындайды:
– Бұл жағдайдан оның ата-енесі хабардар ма?
– Балауса Еркінқызы тарапынан қандай да бір түсініктеме берілді ме?
– Жәбірленушілерге келтірілген залал қалай өтелмек?", - деді Руслан Өтепбай.
Соңғы жаңалықтар





