Шерзаттың ісін зерттеген адвокат марқұм Нұрқанатқа қатысты тың ақпарат жариялады

Шерзаттың ісін зерттеген адвокат марқұм Нұрқанатқа қатысты тың ақпарат жариялады
22.07.2025 11:30
0
685
ашық дереккөз

Марқұм Шерзаттың Полаттың ісін зерттеген танымал адвокат Мейірман Шекеев марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты тың дерек жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісінде толық тексерілмеген жағдайлар кездеседі.

«Нұрқанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні доктор (Бауыржан Абдрахманов) Қаржаубайдың отбасына қатысты  бейне жазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның доктордан жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жәйттар ҚПК 24-бабына сәйкес толық тексерілмеген», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, қоғамды дүр сілкіндірген жасөспірім Шерзат Полаттың оқиғасынан кейін шамамен екі айдан кейін немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың көз жұмғаны хабарланған. Нұрқанаттың өлер алдындағы соңғы хаты желіге тарап кеткен болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий