Шерзаттың қазасы: полиция 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған
1286
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл туралы ішкі істер министрінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру);
293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық);
115-бабы (қорқыту);
432-бабы (қылмысты жасырып қалу);
434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).
Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.Құзырлы министрліктің мәліметінше, қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...