Шерзаттың үйін өртегендер мен Ғайыпбаевтың өлімінен қандай хабар бар? — ІІМ

18.06.2025 • 16:10 Admin
Шерзаттың үйін өртегендер мен Ғайыпбаевтың өлімінен қандай хабар бар? — ІІМ
793
Фото: Әлеуметтік желі

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзаттың өртенген үйіне қатысты іс әлі тергеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Министр өрт бойынша іс прокурордың өндірісінде екенін, бәрін бақылауда ұстап отырғанын айтты. Сондай-ақ марқұмның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс те тергеуде екенін жеткізді. 

Бұған дейін 2024 жылы 3 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан еді. Кейін оның отбасының үйі өртеніп, ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев қайтыс болған. Жасөспірімнің өліміне қатысты сот жақында аяқталып, сотталушылар 1,5 жыл мен 23 жыл аралығында жаза арқалады. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий