«Шерзаттың жетісін беретін күні үйді өртеп кетті» – Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әпкесі
1479
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әпкесі Перизат Нұрымова өрт туралы мәлімдеді.
Ол massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында үйді бір күні жинап кеткендерін айтты.
Оның айтуынша, көршілері өртті сөндіруге тырысқанымен, бұл мүмкін болмаған. Өртсөндірушілер оқиға орнына шамамен 20 минутта жеткен.Бүгін негізі – Шерзаттың "жетісі" ғой. Жетісін Талғарда қайтқан күні таратып жіберген болатынбыз, бірақ мына үйден "Иіс шығарайық" деп дайындалған едік. Іштің бәрін сыпырып, жуып, тазалап кеттік. Кешке дейін осында болдық, – деді ол.
Мына жақта мектепте істейтін мұғалім бар. Түнде түрін танымадым, жылап тұр екен. Сол кісінің баласы көрген екен. Тағы бір кісінің жолдасы кеш келіпті. "Шай берейін деп жатсам, дала жарық боп кетті, терезелерге қарасам, түк көрінбейді. Далаға шығып қарасам, осы жаққа қарай жүгіріп бара жатыр екен" деді. Жүгіргендеріне қарағанда, қатты жанып жатқан ғой. Су шашатындай болған жоқ, өрт сөндірушілерге әрең хабар бердік" деді. Өшіріп үлгергенінен қалғаны осы болып тұр ғой, – деді Перизат Нұрымова.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...