Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді
Шетелдегі қазақ балалары Қазақстанға келеді! Қазақ тілін оқиды, қазақ мәдениетімен танысады, қазақтың тарихын біледі.
Қазіргі уақытта әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ресми хат дайындап жатыр. Университеттің атынан Гүлшара Асылбайқызы осы іске жанын салып, кірісіп жатыр. Хат дайын болған соң шет елдегі ҚР елшіліктеріне жолдаймыз. «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының осылай жалғасып жатқанына бек ризамын!
Шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалардың елде қиналмай жүруіне барлық жағдай жасалады. Олардың жол шығыны, визасы төленеді. Үш мезгіл тамақ, жатақхана тегін беріледі+стипендия алады. Ұзақ уақытқа келе алмайтындары үш ай, уақыты барлары тоғыз ай оқиды. Елге келіп, ана тілін үйренуге Талғат, Сардар, Әнел және Арман құлшынып отыр.
Әнел тоғыз айға келгісі келіп жатыр. Талғат, бүгін қашан келе аламыз, деп сұрап жатыр).
Керемет жаңалық иә, достар?!
Қалған балаларға енді хабар береміз.
Демеушілер қажет болса, хабарын беремін.
Алдында ғана Әнелдің елге келуіне қалай көмектессек екен, деп ойлап жүр едік. Осы жоба іске асып, бәрі оңынан болсын!
Жанар БАЙСЕМІЗ, журналист
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...