Шиеліде 15 жастағы қыздың некесін қиған имам жауапқа тартылды ма?

Шиеліде 15 жастағы қыздың некесін қиған имам жауапқа тартылды ма?
23.01.2025 13:01
0
62
видеодан алынған кадр

Өткен жылы Шиелі ауданында имамның 21 жастағы ауыл тұрғыны мен 15 жастағы мектеп оқушысының некесін қиғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті, 

Бұл оқиға діни қызметкерлердің заң талаптарын сақтау мәселесін қайта көтерді.  

Қызбен жыныстық қатынасқа түскен ауыл тұрғынына сот 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал заңсыз неке қиған имамның әрекеті қалай бағаланды?  

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаевтың айтуынша, бұл жағдай туралы жергілікті полиция басқармасынан хабарлама түскен. Имамның куәліксіз неке қиғаны белгілі болғаннан кейін ол тәртіптік кеңеске шақырылды.  

«Куәліксіз неке қию – заңға қайшы әрекет. Имам түсініктеме беру барысында қыздың анасының өтініші бойынша, екі жақтың да келісімімен әрекет еткенін айтты. Алайда бұл оның жауапкершілігін төмендетпейді», – деді Құрманбаев.

Тәртіптік кеңестің шешімі бойынша, имамға қатаң сөгіс берілді. Сонымен қатар, оған діни қызмет талаптарын бұзған жағдайда жұмыстан босатылатыны ескертілді.

Ақпарат orda.kz  сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или