Шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болады?

Шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болады?
01.07.2025 16:12
0
158
Фото: freepik.com

Синоптиктер шілде айында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

 "Қазгидромет" РМК мәліметінше, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын, жекелеген күндері нөсер жауын, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Республиканың оңтүстік жартысында қатты ыстық және өте қатты ыстық болады, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Бірінші онкүндіктің бірінші жартысында тұрақты циклонның әсерінен елдің батысында (Батыс Қазақстан облысы) температуралық фон күндіз +18+26°С аралығында сақталады, онкүндіктің соңына қарай +28+33°С-қа дейін жоғарылайды.

Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа температурасының күндіз +25+33°С-тан +30+38°С-қа дейін біртіндеп жоғарылуы болжанады.

Солтүстік және орталық өңірлерде онкүндіктің басында ауа температурасы күндіз +25+35°С-қа дейін жоғарылайды, кейін +18+23°С-қа дейін төмендейді, Қазақстанның шығысында ең ыстық кезең онкүндіктің ортасында болжанады, ауа температурасы күндіз +30+38°С-қа дейін жоғарылайды.

1-5 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +15+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+39°С-тан +40+46°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Температураның жоғарылауына байланысты бұл аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шілденің екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+42°С-қа дейін, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде +46°С-қа дейін жоғарылайды, салқын күндері +23+28°С-қа дейін төмендейді.

Елдің солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасының түнде +15+23°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +32+39°С-тан +18+23°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий